«КҮНДІЗ – ҚЫЗЫМ, ТҮНДЕ ... ».
10 ЖАСАР ҚЫЗҒА ТИІСКЕН ӨГЕЙ ӘКЕ
(кейіпкер қауіпсіздігі үшін аты-жөні өзгертілді)
Гүлзаттың 10 жасар қызынан басқа ешкімі жоқ. Күйеуі жол апатынан қаза тапқан. О кезде қызы 2 жаста еді. Содан бері перзентін жалғыз өсірді.

Қызы: «Мама, құрбыларымның бәрінің папасы бар. Ал бізде папа болмай ма?» деп сұрайтын. Балаға әке мейірімі керек екенін түсініп, тұрмыс құруды ойлады.

Бір ер кісімен танысты. Түркістан облысының тумасы. Тұрақты жұмысы жоқ. Табылған жұмысты істеп, күнелтеді екен. Әйелі қайтыс болған. Екеуінің әңгімесі жараса кетті. Оның: «Арақ ішпеймін, темекі тартпаймын. Жақсы күйеу, жақсы әке болуға тырысамын» деген сөзі Гүлзатқа ұнады.

Қызына да ұнады. «Балам, қандай кісі екен?» деп сұрағанда «Мама, ол – өте жақсы адам» деп жауап берген. Бала көңілі әке мейіріміне бөленгенін көріп, сол ер адаммен бірге тұруға келісті.

Шымкенттегі жалдамалы пәтерін тастап, сол ер кісінің ауылдағы үйіне көшіп барды.

Қызы үшеуі жаңа үйде төрт айдай тату-тәтті өмір сүрді. Содан күйеуінің мінезі өзгере бастады.
«КҮНДІЗ – ҚЫЗЫМ, ТҮНДЕ ... ».
10 ЖАСАР ҚЫЗҒА ТИІСКЕН ӨГЕЙ ӘКЕ
(кейіпкер қауіпсіздігі үшін аты-жөні өзгертілді)
Ұрыс-керіс көбейді. Қызы өгей әкенің қатулы жүзінен сескенетін болды. Жан-жағына жалтақтаған жанарынан қорқатынын, оңашада жылайтынын байқады. Бірақ себебін түсіне алмады. Қызы ештеңе айтпады.

Үйдегі жанжалдың бір себебі - күйеуінің бітпейтін қарызы мен несиелері. Бұрын қалада тұратын кезде асыраушысынан айырылғаны және мүгедектігі үшін мемлекеттен жәрдемақы алатын. Қызы екеуінің қажетіне жететін. Ауылға келгенде жәрдемақының ақшасына үшінші адам, яғни күйеуі ортақтасты. Күйеуіне жәрдемақының ақшасын бергісі келмейтін.

Бірде Гүлзат азық-түлік алу үшін дүкенге бармақ болады. Мұны естіген қызы: «Мама, бірге барайыншы» деп асығыс киіне бастады. Жол-жөнекей қызын әңгімеге тартса да тіл қатпады. Ана жүрегі балапанының жанарында бір мұң жасырынғанын анық сезді. Кешкісін қызын құшағына алып, бауырына басқанда қызы дауысы дірілдеп: «Папа маған тиіседі. Денемнің әр жерін бір ұстап көреді» деп жылады.

Ал күйеуі: «Мен әкесі емеспін бе? Қазір тұрмыстағы қызымның кішкентайынан мойныма мініп өскен кезін сағынамын. Соны есіме алып, ойнадық. Қызды құшақтасам не болыпты?! Туған әкесі де құшақтайды ғой. Неге жаман ойлайсың?» деп ақтала сөйлеп, өзіне дүрсе қоя берді.

Бір күні Гүлзат шаруаларымен сыртқа шығып кетеді. Үйге оралғанда қызының жылағанын көреді. «Не болды, ботам?» деп сұрағанда қызы жымиып: «Ештеңе болмады» дегендей басын шайқап қоя салды. Көбіне екі бүктетіліп жататын. Себебін сұраса, «Ішім ауырып жатыр» деп айтады. Мінезі өзгеріп, томаға-тұйық бола бастады.

Енді бірде күйеуі үйге мас болып келіп, қызына тиісіп жатқан сәтіне дөп түсті. «Не істеп жатырсың?» деп күйеуіне тұра ұмтылды. Сонда ол: «Күндіз қызым, түнде көңілдесім болса, несі айып?» деді.

Ашуға булығып, күйеуінің жағасынан алғанда ол Гүлзаттың екі құлағынан қос шапалақпен ұрып, есінен тандырады. Басынан теуіп, ұрып-соқты.

«Мең-зең күйде жаттым. Көзімді ашсам, қызымды зорлап немесе зорлайын деп жатқанын білмеймін, әйтеуір, сондай бір әрекетін көрдім».

Гүлзат қызын ажыратайын десе орнынан тұра алмайды. Ауыр соққыдан есін жинамай, таңға дейін жатады. Көзін ашса, қызы жанында үнсіз отыр екен. Ал күйеуі кешірім сұрап, Гүлзатты ұрғаны болмаса, қызына қолының ұшын да тигізбегенін айтып ақталады. Гүлзатта үн жоқ, есі кіресілі-шығасылы.

Бұл оқиға 2021 жылғы ақпанда болған.
Содан кейін Гүлзат жәрдемақыны алу үшін аудан орталығына барып, үйіне ерте оралды.
Келсе, күйеуі қызына тиісіп жатыр екен.
«Қызым-ау, неге айтпадың. Бұрыннан саған осындай жаман нәрсе жасап жүр ме?» деп қызын арашалауға ұмтылды.
Күйеуі: «Қызыңды да, өзімді де өлтіремін. Мұның жазасын сен тартасың» деп айқайлайды.
Ұрыс-керіс арасында қызы:
«Біреу-міреуге айтатын болсаң, мамаңды өлтіремін» деп қорқытқан соң айтпадым» деп жылайды.
Гүлзат күйеуінің қаһарынан сескеніп, ештеңе болмағандай түр танытып, сол түні үйде қонады.
Ертеңіне күйеуінің үйде жоғын пайдаланып, қызы екеуі амалын тауып, қашып шығады.

Аудандық полиция басқармасына арызданды. Еш көмек болмаған соң Шымкенттегі «Көмек» дағдарыс орталығына келеді. Орталықтағылар көмек қолын созып, «Не молчи» қоғамдық қорының мамандарын шақыртады.

Олар облыстық полиция департаментінің басшылығына шағымданды. Арызы қайта қаралып, сотқа дейінгі тергеу-тексеру амалдары басталып, іс қозғалып, сотқа жетті.
КОММЕНТАРИЙ
Данияр ЖИЕНБАЕВ, Шымкент қалалық заңгерлер алқасының мүшесі, «Не молчи» қоғамдық қорының Түркістан облысы бойынша жетекшісі, қорғаушы:

«Қазіргі таңда Бәйдібек ауданы бойынша педофильдің іс-әрекеті қаралып жатыр. Сараптама жүргізілгеннен кейін күдікті қамауға алынды. Тергеу барысында беттестіруге Бәйдібек ауданының прокуроры, Аға Аділет кеңесшісі Е. Қожабековтың өзі қатысты. Қыздың заңды өкіліне мемлекет тарапынан адвокат берілді.
Айта кету керек, Бәйдібек АПБ ТБ тергеушісі, полиция аға лейтенанты А. Шубай бұл істі өте тез арада қарап, келесі аптада прокуратураға жолдайтын болады. Қосымша сараптама жүргізілді. Соның нәтижесі бойынша келесі аптада айыптау қортындысы шығарылады».

С. Дүйсенбаева: басқарма басшы орынбасарының м.а.:

«ҚР ҚҚ 122- 16 жасқа толмаған жасөспірімге (қыз/бала) жыныстық қатынас орын алған жағдайда немесе сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық әрекетіне оқталу бойынша айып тағылып, қылмыстық іс қозғалған жағдайда зардап қорытындыны Сот сараптамалары орталығы береді.
«Сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 4) тармақшасына сәйкес сот сараптамасы органдарында сот сараптамалары мен зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидалары бекітілді.

Атап айтқанда, Сот сараптамасы (бұдан әрі-сараптама) оны шешу үшін маңызы бар нақты деректерді анықтау мақсатында арнайы ғылыми білім негізінде жүргізілетін қылмыстық, азаматтық іс материалдарын не әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі зерттеу мақсатында жүргізіледі.

Зерттеу ғылыми құралдар мен әдістерді пайдалана отырып, олардың жазбаша сұрау салулары бойынша заңды және жеке тұлғалардың заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді алуға жәрдемдесу мақсатында жүргізіледі.
Сараптама жүргізудің негіздері Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде, Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде, «Сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, сондай-ақ «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген.

Екіншіден, кәмелет жасына толмаған (қыз/ұл) баланы зорлады деген күдік туындаған жағдайда зардап шегушінің ата-анасы не қамқоршысының келісімі болсада қорытынды беру медициналық мекеменің құзырына кірмейді. медициналық мекемеде тек медициналық көмек көрсетіледі.

Үшіншіден, жасөспірімдердегі жүктіліктің/зорлық-зомбылықтың әрбір жағдайы бойынша ақпаратты пациент жүгінген ұйымның медицина қызметкерлері дереу өңірлік полиция басқармасына және прокуратураға хабарлайды.

Денсаулық сақтау ұйымдарының тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары мен олардың балаларына көмек көрсету мәселелері бойынша «Көмек» орталығымен, «Самғау сенім» қызметімен сабақтастығы сақталады, меморандумға қол қойылған және балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгез қараудың алдын алу саласында «Сана Сезім» әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы қоғамдық бірлестігімен тығыз ынтымақтастық жүргізіледі.

Төртіншіден, зорлық-зомбылық құрбандары, өзіне-өзі қол жұмсауға әрекет жасаған балалар, өмірде қиын жағдайға тап болған балалар анықталған жағдайда оларға тиісті медициналық, әлеуметтік және психологиялық көмек көрсетіледі».

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
«КӨМЕК» оңалту орталығының мекенжайы:

Шымкент қаласы, Водопьянов көшесі, 1Б үй

Байланыс телефондары:

8 707 025 29 54

8 702 432 61 32

8 702 502 25 03

8 705 372 22 27

8 701 477 83 59
Мақаланы бөлісіңіз!
Жоба авторы: beine.pro шығармашылық тобы
эл.пошта: beine.pro@gmail.com
Бұл жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен Қазақстандағы Internews өкілдігінің «MediaCAMP — Орталық Азия бағдарламасы» аясында жүзеге асты.
"Үрейін жеңгендер" жобасының әлеуметтік желі парақшалары
«КҮНДІЗ – ҚЫЗЫМ, ТҮНДЕ ... ».
10 ЖАСАР ҚЫЗҒА ТИІСКЕН ӨГЕЙ ӘКЕ
Гүлзаттың 10 жасар қызынан басқа ешкімі жоқ. Күйеуі жол апатынан қаза тапқан. О кезде қызы 2 жаста еді. Содан бері перзентін жалғыз өсірді.
Қызы: «Мама, құрбыларымның бәрінің папасы бар. Ал бізде папа болмай ма?» деп сұрайтын. Балаға әке мейірімі керек екенін түсініп, тұрмыс құруды ойлады.
Бір ер кісімен танысты. Түркістан облысының тумасы. Тұрақты жұмысы жоқ. Табылған жұмысты істеп, күнелтеді екен. Әйелі қайтыс болған. Екеуінің әңгімесі жараса кетті. Оның: «Арақ ішпеймін, темекі тартпаймын. Жақсы күйеу, жақсы әке болуға тырысамын» деген сөзі Гүлзатқа ұнады.
Қызына да ұнады. «Балам, қандай кісі екен?» деп сұрағанда «Мама, ол – өте жақсы адам» деп жауап берген. Бала көңілі әке мейіріміне бөленгенін көріп, сол ер адаммен бірге тұруға келісті.
Шымкенттегі жалдамалы пәтерін тастап, сол ер кісінің ауылдағы үйіне көшіп барды.
Қызы үшеуі жаңа үйде төрт айдай
тату-тәтті өмір сүрді. Содан күйеуінің мінезі өзгере бастады.
Ұрыс-керіс көбейді. Қызы өгей әкенің қатулы жүзінен сескенетін болды. Жан-жағына жалтақтаған жанарынан қорқатынын, оңашада жылайтынын байқады. Бірақ себебін түсіне алмады. Қызы ештеңе айтпады.
Үйдегі жанжалдың бір себебі - күйеуінің бітпейтін қарызы мен несиелері. Бұрын қалада тұратын кезде асыраушысынан айырылғаны және мүгедектігі үшін мемлекеттен жәрдемақы алатын. Қызы екеуінің қажетіне жететін. Ауылға келгенде жәрдемақының ақшасына үшінші адам, яғни күйеуі ортақтасты. Күйеуіне жәрдемақының ақшасын бергісі келмейтін.
Бірде Гүлзат азық-түлік алу үшін дүкенге бармақ болады. Мұны естіген қызы: «Мама, бірге барайыншы» деп асығыс киіне бастады. Жол-жөнекей қызын әңгімеге тартса да тіл қатпады. Ана жүрегі балапанының жанарында бір мұң жасырынғанын анық сезді. Кешкісін қызын құшағына алып, бауырына басқанда қызы дауысы дірілдеп: «Папа маған тиіседі. Денемнің әр жерін бір ұстап көреді» деп жылады.
Ал күйеуі: «Мен әкесі емеспін бе? Қазір тұрмыстағы қызымның кішкентайынан мойныма мініп өскен кезін сағынамын. Соны есіме алып, ойнадық. Қызды құшақтасам не болыпты?! Туған әкесі де құшақтайды ғой. Неге жаман ойлайсың?» деп ақтала сөйлеп, өзіне дүрсе қоя берді.

Бір күні Гүлзат шаруаларымен сыртқа шығып кетеді. Үйге оралғанда қызының жылағанын көреді. «Не болды, ботам?» деп сұрағанда қызы жымиып: «Ештеңе болмады» дегендей басын шайқап қоя салды. Көбіне екі бүктетіліп жататын. Себебін сұраса, «Ішім ауырып жатыр» деп айтады. Мінезі өзгеріп, томаға-тұйық бола бастады.
Енді бірде күйеуі үйге мас болып келіп, қызына тиісіп жатқан сәтіне дөп түсті. «Не істеп жатырсың?» деп күйеуіне тұра ұмтылды. Сонда ол: «Күндіз қызым, түнде көңілдесім болса, несі айып?» деді.

Ашуға булығып, күйеуінің жағасынан алғанда ол Гүлзаттың екі құлағынан қос шапалақпен ұрып, есінен тандырады. Басынан теуіп, ұрып-соқты.

«Мең-зең күйде жаттым. Көзімді ашсам, қызымды зорлап немесе зорлайын деп жатқанын білмеймін, әйтеуір, сондай бір әрекетін көрдім».

Гүлзат қызын ажыратайын десе орнынан тұра алмайды. Ауыр соққыдан есін жинамай, таңға дейін жатады. Көзін ашса, қызы жанында үнсіз отыр екен. Ал күйеуі кешірім сұрап, Гүлзатты ұрғаны болмаса, қызына қолының ұшын да тигізбегенін айтып ақталады. Гүлзатта үн жоқ, есі кіресілі-шығасылы.
Бұл оқиға 2021 жылғы ақпанда болған.
Содан кейін Гүлзат жәрдемақыны алу үшін аудан орталығына барып, үйіне ерте оралды.

Келсе, күйеуі қызына тиісіп жатыр екен.
«Қызым-ау, неге айтпадың. Бұрыннан саған осындай жаман нәрсе жасап жүр ме?» деп қызын арашалауға ұмтылды.
Күйеуі: «Қызыңды да, өзімді де өлтіремін. Мұның жазасын сен тартасың» деп айқайлайды.

Ұрыс-керіс арасында қызы:
«Біреу-міреуге айтатын болсаң, мамаңды өлтіремін» деп қорқытқан соң айтпадым» деп жылайды.

Гүлзат күйеуінің қаһарынан сескеніп, ештеңе болмағандай түр танытып, сол түні үйде қонады.
Ертеңіне күйеуінің үйде жоғын пайдаланып, қызы екеуі амалын тауып, қашып шығады.
Аудандық полиция басқармасына арызданды. Еш көмек болмаған соң Шымкенттегі «Көмек» дағдарыс орталығына келеді. Орталықтағылар көмек қолын созып, «Не молчи» қоғамдық қорының мамандарын шақыртады.
Олар облыстық полиция департаментінің басшылығына шағымданды. Арызы қайта қаралып, сотқа дейінгі тергеу-тексеру амалдары басталып, іс қозғалып, сотқа жетті.

Данияр ЖИЕНБАЕВ, Шымкент қалалық заңгерлер алқасының мүшесі, «Не молчи» қоғамдық қорының Түркістан облысы бойынша жетекшісі, қорғаушы:

«Сараптама жүргізілгеннен кейін күдікті қамауға алынды. Тергеу барысында беттестіруге Бәйдібек ауданының прокуроры, Аға Аділет кеңесшісі Е. Қожабековтың өзі қатысты. Қыздың заңды өкіліне мемлекет тарапынан адвокат берілді. Айта кету керек, Бәйдібек АПБ ТБ тергеушісі, полиция аға лейтенанты А. Шубай бұл істі өте тез арада қарады. Қосымша сараптама жүргізілді».

С. Дүйсенбаева, Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары м.а.:

«ҚР ҚҚ 122- 16 жасқа толмаған жасөспірімге (қыз/бала) жыныстық қатынас орын алған жағдайда немесе сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық әрекетіне оқталу бойынша айып тағылып, қылмыстық іс қозғалған жағдайда зардап қорытындыны Сот сараптамалары орталығы береді.
«Сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 4) тармақшасына сәйкес сот сараптамасы органдарында сот сараптамалары мен зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидалары бекітілді.

Атап айтқанда, Сот сараптамасы (бұдан әрі-сараптама) оны шешу үшін маңызы бар нақты деректерді анықтау мақсатында арнайы ғылыми білім негізінде жүргізілетін қылмыстық, азаматтық іс материалдарын не әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі зерттеу мақсатында жүргізіледі.
Зерттеу ғылыми құралдар мен әдістерді пайдалана отырып, олардың жазбаша сұрау салулары бойынша заңды және жеке тұлғалардың заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді алуға жәрдемдесу мақсатында жүргізіледі.
Сараптама жүргізудің негіздері Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде, Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде, «Сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, сондай-ақ «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген.
Екіншіден, кәмелет жасына толмаған (қыз/ұл) баланы зорлады деген күдік туындаған жағдайда зардап шегушінің ата-анасы не қамқоршысының келісімі болсада қорытынды беру медициналық мекеменің құзырына кірмейді. медициналық мекемеде тек медициналық көмек көрсетіледі.
Үшіншіден, жасөспірімдердегі жүктіліктің/зорлық-зомбылықтың әрбір жағдайы бойынша ақпаратты пациент жүгінген ұйымның медицина қызметкерлері дереу өңірлік полиция басқармасына және прокуратураға хабарлайды.

Денсаулық сақтау ұйымдарының тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары мен олардың балаларына көмек көрсету мәселелері бойынша «Көмек» орталығымен, «Самғау сенім» қызметімен сабақтастығы сақталады, меморандумға қол қойылған және балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгез қараудың алдын алу саласында «Сана Сезім» әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы қоғамдық бірлестігімен тығыз ынтымақтастық жүргізіледі.
Төртіншіден, зорлық-зомбылық құрбандары, өзіне-өзі қол жұмсауға әрекет жасаған балалар, өмірде қиын жағдайға тап болған балалар анықталған жағдайда оларға тиісті медициналық, әлеуметтік және психологиялық көмек көрсетіледі».
КОММЕНТАРИЙ

Ағымдағы жылдың алғашқы 3 айында Түркістан облысы аумағында ҚР ҚК-нің 120-бабы /зорлау/ дерегі бойынша 24 қылмыстық іс тіркелген. Былтырғы 2020 жылдың алғашқы тоқсанымен салыстырсақ зорлау фактісінің азайғанын аңғаруға болады. Себебі, 2020 жылдың алғашқы 3 айында 120-бап бойынша 38 қылмыстық іс тіркелген болатын. ҚР ҚК-нің 121-бабы /сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері/ дерегі бойынша 2021 жылы алғашқы 3 айында Түркістан облысы аумағында 12 қылмыстық іс тіркелді. Сәйкесінше, аталмыш 121-бап бойынша, 2020 жылдың қаңтар, ақпан, наурыз айларында - 18 ісжайлы белгілі болды. ҚР ҚК-нің 122-бабы /он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас/ дерегі бойынша биылғы жылдың алғашты тоқсанында 14 қылмыстық іс тіркелді. Аталмыш бап бойынша, 2020 жылдың 3 айында 9 қылмыстық іс тіркелген еді.
СТАТИСТИКА
Мақаланы бөлісіңіз!
"Үрейін жеңгендер" жобасының әлеуметтік желі парақшалары

Жоба авторы: beine.pro шығармашылық тобы
эл.пошта: beine.pro@gmail.com
Бұл жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен Қазақстандағы Internews өкілдігінің «MediaCAMP — Орталық Азия бағдарламасы» аясында жүзеге асты.
_______________________

Made on
Tilda